Бос орындар

Әдіскер

Лауазымдық міндеттері: Аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарын жетекшілік ететін мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді. Қажетті есептіліктерді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.

«Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша: облыстың қалалық және аудандық әдістемелік кабинеттерінің мамандары мен әдіскерлерімен, мектептердің, арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының, балалар үйлерінің педагогтарымен инклюзивті білім беру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жалпы орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің тиімділігін зерделейді және оны арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

«Ғылыми жұмыс» бағыты бойынша: оқу-әдістемелік құжаттамаларды (дидактикалық материалдар); педагогтар арасында семинарлар, конференциялар, конкурстар, олимпиадалар бағдарламаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады және қатысады. Білім беру саласындағы өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары мен тақырыптарын негіздейді, әзірлейді, оқу-әдістемелік орталықтың жоспарында көзделген жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Білім берудің мемлекеттік стандарттарын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау педагогикалық курстарынан өткен, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 5 жыл.

Толық ақпарат алу үшін: 8 (7212) 44-56-14 нөмеріне хабарласыңыз, немесе түйіндемеңізді: umc-ro@umckrg.gov.kz электрондық поштасына жолдаңыздар.

Заңгер

Лауазымдық міндеттері: 1. Заңгер өз жұмысында келесі міндеттерді атқарады: Орталықтың құқықтық негіздерін айқындайды; Орталық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша, нормативтік құқықтық актілер қорын есепке алу мен жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Орталық бөлімшелерін, жекелеген мамандарды өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді; Орталық басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеруді, құжаттар жобаларын жауапты жұмыскерлермен келісу кезеңдерінің сақталуын тексеруді, құжаттар жобаларына қол қоюды, Орталықтың жауапты жұмыскерлеріне заңнаманың өзгерісімен шартталған актілерге өзгерістер енгізу немесе күшін жою туралы нұсқамалар беруді жүзеге асырады; шарттар жобаларын әзірлейді, шарттар жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдайды; Орталықтағы наразылық жұмысын жүргізеді, келіп түскен наразылықтарға жауаптар дайындайды және келіп түскен наразылықтарды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім жабаларын қабылдайды; талап қою жұмысын жүргізеді, шарт дауларын реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау бойынша шаралар қабылдайды; талап өтініштері мен материалдарын дайындайды және оларды сотқа береді; сотта ұйым мүддесін білдіреді; Орталық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттар алу үшін өтінімдерді, өтініштер мен басқа да құжаттарды дайындайды; ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты құжаттарды, материалдық жауапкершілік туралы шарттарды, ұйымға материалдық құндылықтардың түсуі мен оларды қабылдап алу, олардың қозғалысын есепке алу тәртібін белгілейтін нұсқаулықтарды, дайын өнімнің шығарылуы мен жіберілуін есепке алу нұсқаулықтарын әзірлеуге қатысады, жұмыскерлердің материалдық жауапкершіліктері туралы шарттарды тексереді және оларға қол қояды; жұмыскерлердің жұмыстан босатылуы мен ауысуының, оларға тәртіптік жаза қолданудың заңдылығын тексеруді жүзеге асырады; Орталықта анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік қадағалау органдарында Орталық атынан өкілдік етеді; Орталық жұмыскерлеріне түрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша консультация беруді жүзеге асырады, заңдық құжаттарды құрастыруда құқықтық көмек көрсетеді.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет бойынша мынадай функциялар жүктеледі:

1) Орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және жаңғырту;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;

4) мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингтеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;

5) Орталық жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді Заңға сәйкес сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізу;

6) корпоративтік әдеп құндылықтарын дамыту;

7) Орталық жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ Орталықтың әдеп ережелерін сақтауын бақылау;

8) «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

9) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты жария ашуды қамтамасыз ету;

10) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу және/немесе оларға қатысу;

11) Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі жұмысты үйлестіру;

12) Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жәрдем көрсету;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерді мониторингтеу және талдау.

14) Орталық жасасатын азаматтық-құқықтық шарттарға, оның ішінде сатып алу туралы шарттарға шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, іскерлік әдеп пен парасаттылықтың нормаларын, адал бәсекелестік қағидаттарының міндетті түрде сақталуын көздейтін ережелерді қосуды қамтамасыз ету.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының салық салу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін; азаматтық, азаматтық процестік, қылмыстық-процестік, еңбек, қаржы, әкімшілік құқықты; ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін әдістемелік материалдарды, ұйым бейінін, мамандануын және құрылымының ерекшеліктерін; құқықтық құжаттар бойынша іс қағаздар жүргізу стандарттарын; мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымын; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін; әкімшілендіру негіздерін; қызметтік қарым-қатынас этикасын; экономиканы және өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыруды; еңбек заңнамасын; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын.

Толық ақпарат алу үшін: 8 (7212) 44-56-14 нөмеріне хабарласыңыз, немесе түйіндемеңізді: umc-ro@umckrg.gov.kz электрондық поштасына жолдаңыздар.

Хатшы

Директор мен оның орынбасарлары үшін қызметкерлерден мәліметтер алады, директордың тапсырмасы бойынша қызметкерлерді шақырады. Телефонограммаларды қабылдайды және береді, директор болмаған кезде қабылданған хабарламаларды жазады және оларды оның назарына жеткізеді. Директордың кеңсе керек-жарақтарымен, ұйымдастыру техникасы құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, директордың тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін жағдайлар жасайды. Қабылдау-сөйлесу құрылғылары бойынша ақпаратты береді және қабылдайды. Директордың нұсқауымен әртүрлі құжаттар мен материалдарды басып шығарады. Істерді бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсырады. Директордың атына келіп түскен хат-хабарды қабылдайды, керек-жарағына сәйкес оны жүйелеуді жүзеге асырады және оны тағайындау жөніндегі директор қарағаннан кейін олардың жұмыс процесінде пайдалану не жауап дайындау үшін нақты орындаушыларға береді, директордың бақылауға алынған тапсырмаларының орындалу мерзімін қадағалайды;

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы